Accessibility links

Министр өндірістік қалдықтармен күресті күшейтуді талап етті


Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов қарамағындағы тиісті қызметтерден елде рұқсат етілген мөлшерден артық өндірістік қалдық жиналған кәсіпорындарға әкімшілік шара қолдануды талап етті.

Қалдықтарды тіркеу жұмыстарына жауаптылардың жұмысын сынға алған Ысқақов «Қазақстан бойынша 20 млрд. тоннадан астам қалдық бола тұра, шөп арасынан ине іздегендей боп жүрміз. Бар болғаны бұл жұмысты жандандыру керек» деп, заң талабын бұзғандарға бірнеше еселенген сомада айыппұл салуды талап етті.

Министр жауапты комитетке елдегі жиналған өндірістік қалдықтардың толық тізімін бір аптаның ішінде дайындап ұсынуды тапсырды.


XS
SM
MD
LG