Қытайда тексерілген сұйық сүт өнімдерінің 10 пайызында өте жағымсыз иіс болған. Қытай ресмилерінің айтуынша, елдегі ең ірі үш сүт өнімдері компаниясынан тексеруге алынған сұйық сүттерге меламин атты улы химиялық зат қосылған екен. Оны тамаққа қосуға бұған дейін тыйым салынған боп шықты. Қытай басшыларының айтуынша, апта басында әлгіндей сүт ішкен 4 сәби қаза болып, 6200 бала уланып қалған екен. Тексеру содан кейін жүргізілген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес