АҚШ ресмилері қаржылық ұйымдарға көмек берудің кең тұрғыдағы жоспарын дамытып жатқандарын айтты. Мақсат - қаржы ұйымдарын тығырықтан алып шығу, халықаралық қаржы дағдарысын ауыздықтау. АҚШ үкіметі қаржы базарына тағы да қаржы салмақшы деген жаңалық тарасымен, Азия қор биржалары бүгін бас қосқан болатын. Гон-Конг, Жапония, Тайвань, Оңтүстік Корея және Австралияданың қор биржаларындағы көрсеткіштер жоғарылап кеткен. АҚШ Қазына министрлігі мен АҚШ конгресі елдегі банктерді қарыздарынан құтқару үшін заң жобасын әзірлеп жатқандарын айтқан болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
AzattyqTV