Accessibility links

Зардари террор қатерін түп - тамырымен құртуға уәде берді


Пәкістан президенті Исламабадтағы Marriott қонақ үйінде болған жарылысты жасаушы терроршыларды түп-тамырымен жоюға деп ант етті.
Асиф Али Зардари президент ретінде ант қабылдаған соң, бірер сағаттан кейін және жарылыстың ізін ала ұлтқа арнаған қысқа сөзінде осылай деп атап көрсетті.
Хабарларға қарағанда, жарылыстан құрбан болғандар саны 40-60 аралығында. Олардың саны әлі де өсе түсуі мүмкін, үйінділер астында адамдар қалған болуы керек.
АҚШ, Британия мен БҰҰ қастандық шабуылын айыптады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG