Accessibility links

Путин: әскерлерге қатысты шешімді жікшіл аймақтар қабылдайды


Ресей премьер-министрі Владимир Путин Грузияның бөлініп кеткен жікшіл аймақтарына қанша әскердің орналасатыны туралы Ресей мен Абхазия, Оңтүстік Осетия ғана шешім қабылдайды деп атап көрсетті.
Өткен айда Грузияның жікшіл аймақты қайта бақылауына алмақ болған әрекетінен кейін, Ресей Оңтүстік Осетияға әскер кіргізіп, соңынан екі аймақтың тәуелсіздігін таныған болатын.
Мәскеудің Грузия аймағына әскер жіберуі Батыс тарапынан сынға алынды.

XS
SM
MD
LG