Accessibility links

Алматыда бірқатар автобустар жұмысқа шықпады


Бүгін таңертең Алматының ішінде бірқатар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдайтын автобустар жұмысқа шықпай қалды. Мұның себебін кейбір автопарктер көлікке керекті жанармай сатып алуға қаржының жоқтығымен, белгілеген жолақы тарифі кеткен шығынды жабуға жетпейтіндігімен түсіндірді. Бұл проблеманы шешу мақсатында қала әкімшілігі автобус парктерінің басшыларымен шұғыл кеңес өткізді.


XS
SM
MD
LG