Пәкістан қауіпсіздік күштері Ауғанстанмен шекарадағы тайпалы аймақта 2 АҚШ әскери тікұшағына оқ атты. Пәкістан ресмилерінің айтуынша, жексенбі күні әлгі тікұшақтар Пәкістанның әуе кеңістігіне заңсыз кірген. Бұл оқиға Әл-Қаида мен Талибан бүлікшілері жасырынуы мүмкін Солтүстік Вазиристан ауданында орын алған. АҚШ тікұшақтары оқ атылған соң қайыра ұшып кетті дейді ресмилер. АҚШ әскерилері бұл оқиғаға байланысты ешнәрсе айтпады.