Accessibility links

Ауғанстанда жұмысшылар ұрланды


Ауғанстанның батысында бүлікшілер шамамен 150 ауған жұмысшысын ұрлады. Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Земери Башаридің хабарлауынша, жексенбі күні елдің батысындағы Бала Балук ауданында содырлар 3 автобусты тоқтатып, ішіндегі барлық азаматтарды ұрлап әкеткен. Ұрланған адамдар Фарах қаласында ауған армиясының әскери базасында құрылыс жұмыстарымен айналысқан екен. Осы оқиғаға байланысты жауапкершілікті ешкім мойнына алмады.
XS
SM
MD
LG