Шымкенттегі әл-Фараби аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Ахметжан Сәбденовті 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Қаржы полициясы Сәбендовті мемлекеттік тапсырыс бойынша өткізілетін тендерде бір кәсіпкердің пайдасына шешім шығаруға уәде беріп, биылғы сәуір айының 25-і күні өзінің қызмет орнында 2 млн теңге пара алған деген күдікпен ұстаған болатын.
Бұрынғы шенеунікті айыпты деп таныған сот үкіміне сәйкес ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге кесілді.