Accessibility links

Эколог қалалық мәслихат пен оның хатшысын сотқа берді


Қазақстандағы «Табиғат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Елеусізов Алматы қаласының мәслихаты мен оның хатшысы Төлеубек Мұқашевтың үстінен сотқа арыз түсірді. Биылғы Сенат депутатының сайлауына кандидат болып түсуге ниет білдірген эколог соттан жауапкерлерді өзінің конституциялық құқығын бұзды деп тануды сұрап отыр.

«Қолымдағы тізім бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаттарына хабарласқанымда, олардың барлығы бір ауыздан Жұмабек Төрегелдіновке дауыс беретіндіктерін айтып, менің кандидаттығыма қолдау білдіруден бас тартты»,- деді ол.

Заңға сәйкес, Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен мәслихат депутаттары сайлайды. Сенат депутаттығына кандидат облыс мәслихаттарының, республикалық маңызы бар қала немесе Республика астанасы мәслихатының өкiлдерi болып табылатын таңдаушылардың жалпы санының кемiнде он процентiнiң қолдауына, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентiнен аспайтын даусына ие болуға тиiс.

Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы 2008 жылғы 4 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG