Accessibility links

Қауіпсіздік комитеті Рахат Әлиевке байланысты мәлімдеме таратты


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында бүгін жарияланған мәлімдемеде, соңғы кездері баспасөздегі мақалаларда кейбір адамдарды елдің Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке жақын қарым-қатынаста болғандықтан қауіпсіздік органдары ұстап, қылмыстық жауапқа тартып жатыр деген ақпарат шындыққа сәйкес емес деп жазылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тарапынан қазіргі кезде кейбір адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеу істері «ол тұлғалардың жеке өздерінің қатысы болған іс-әрекеттерге» байланысты екендігі айтылған.


XS
SM
MD
LG