ҰҚК-нің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады.
52 жастағы генерал-лейтенант Н.Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы болып істеген. 2006 жылы ақпанда Алматыда жанындағы екі көмекшісімен бірге қаскүнемдердің қолынан қаза тапқан оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын ұрлауға қауіпсіздік комитетінің таңдаулы бөлімінің қызметкерлерінің қатысқаны мәлім болған соң Дүтбаев отставкаға кетті.
Бұдан кейін ҰҚК-нің Академиясын басқарған Нартай Дүтбаев биылғы жылғы ақпан айында Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ал қыркүйектің 4-і күні Президенттің өкімімен "басқа жұмысқа ауысуына байланысты" қызметтен босатылды.