Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2009 жылы экономикалық өсім 5-6% деңгейінде болады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ең бастысы - инфляция мен экономикалық өсімнің арасындағы тепе-теңдікті табу болмақ.
«Егер экономикалық өсім үкімет болжаған шамадан артып жатса, онда біз экономиканың кейбір секторларын ынталандыруға бағытталған іскерлік белсенділікті бизнеспен және қаржы саласымен бірге жүзеге асыратын боламыз», - деді Премьер-министр.