Accessibility links

Коммунистік Корея атом реакторын қайта іске қосады


Солтүстік Корея бір аптаның ішінде Енбондағы ядролық реакторын қайта іске қосуды жоспарлап отыр.
Атом қуаты бойынша Халықаралық агенттікке Солтүстік Кореяның ресми өкілдері МАГАТЭ-нің реактордағы мөрлерін бұзып, агенттік инспекторларын реакторға қайтып жібермейтіндерін мәлімдеді.
АҚШ, Жапония, Қытай, Ресей және Оңтүстік Кореядан экономикалық көмек алу туралы келісім бойынша Солтүстік Корея Енбондағы реакторын бұзуға кіріскен болатын.
Алайда өткен аптада ресми Пхеньян өзінің міндеттемелерін орындамады деп АҚШ-ты айыптап, реакторды қайта іске қосатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG