Accessibility links

Венесуэла президентінің Ресейге сапары


Венесуэла президенті Уго Чавес бүгін Мәскеуге барады. Бұл оның 3 ай ішінде Ресейге жасап отырған үшінші сапары. Оның алдында Чавес Бейжіңде болып, энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі бірнеше келісімге қол қойды. Вашингтонның өткір сыншысы деп есептелетін Венесуэла президенті Мәскеуде де энергия мәселесін көтеріп, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты талқыламақ. Соңғы жылдары Венесуэла мен Ресей қару-жарақ туралы 4 миллиард долларлық келісімдерге қол қойған болатын. Сонымен қатар бұл екі ел бірлескен әскери теңіз жаттығуларын өткізбек.
XS
SM
MD
LG