Абхазия астанасы Сухумиде жарылыс болғанымен, ешкім зардап шекпеді. Грузияның бұл жікшіл аймағының сепаратистік ресмилерінің айтуынша, ішінде жарылғыш заттар болған көлік бүгін Ішкі істер министрлігі мен құпия қызметі кеңселері жанында жарылған. Интерфакс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жергілікті құпия қызметінің басшысы Юрий Ашуба бұл жарылыстың артында Грузияның құпия қызметтері тұр деп мәлімдеген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?