Accessibility links

Күз бен қыста Қазақстанда нан қымбаттамауы тиіс


Күз бен қыс маусымында нан мен басқа да ұн өнімдерінің бағасы бірқалыпта болуы тиіс. Бүгін үкіметте өткізілген селекторлық мәжілісте премьер-министр Кәрім Мәсімов осылай деп мәлімдеді.
“Барлық жерде нанның бағасы қазіргі қалпында қалуға тиіс, - деп ескертті үкімет төрағасы. – Астық жетіп артылады, оны сатып алуға біз қордан қаржы бөлдік. Алдымызға қойған мақсатымызды орындауға барлық мүмкіндік бар”.
Өз кезегінде ауылшаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев мәлімдегендей, қазір тұрақтылық қоры мен мемлекеттік ресурсқа астық сатып алынуда.
Жалпы 1 миллион тонна астық сатып алу көзделген. Бұл Қазақстанның жалпы сұранысының 30 % құрайды.
Министрдің айтуынша, бұл астық нан мен бидай қымбаттайтын жаңа жылдан соң сатылады.
XS
SM
MD
LG