Accessibility links

Дамаскідегі жарылыстан 17 адам опат болды


Сирия астанасы – Дамаск қаласында қопарғыш орнатылған автокөліктің жарылысынан 17 адам мерт болып, 14 кісі жараланды. Террорлық қастандықтың қайда болғаны белгісіз. Бір баспасөздің хабарлауынша, жарылыс әуежайға баратын жолда, басқа мәліметке қарағанда, қауіпсіздік қызметінің күзет постында болды.
Қаза тапқандардың барлығы да бейбіт халық.. Ресми билік әзірше үнсіз отыр.
XS
SM
MD
LG