Accessibility links

Англия армиясында құпия ақпараттар ұрланды


Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі әскери әуе күштерінің бұрынғы және қазіргі 3 мың қызметкері туралы мәліметтің ұрланғанын растады. Құпия ақпараттар жазылған 3 қатты диск осыдан бірнеше күн бұрын ғайып болды.
Қаскүнемдер дискілерді Ұлыбританияның батысындағы Иннсуорт әскери әуе базасының қатаң күзетілетін аумағынан алып шығып кеткен. Қорғаныс министрлігі бұл жайтты “төтенше оқиға” деп бағалап, тиянақты тергеу амалдары жүргізілетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG