Accessibility links

Сайлауда Лукашенконы жақтайтын үміткерлер жеңіске жетті


Беларустегі парламенттік сайлаулардың бейресми нәтижелеріне қарағанда, президент Александр Лукашенконы қолдайтын үміткерлер парламенттегі 100 орынға ие болған. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлап отыр. Қалған10 орынның кімдерге бұйырғаны әзірше белгісіз.

“Еуропаның соңғы диктаторы” деп айыпталған Лукашенко сайлау қарсаңында саяси тұтқындарды босатып, 70 оппозициялық кандидаттың сайлауға түсуіне мүмкіндік туғызды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Беларустегі сайлауға бүгін баға беруге тиіс.
XS
SM
MD
LG