Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы “азғантай алғабасушылықтарға” қарамастан, Беларустегі сайлау халықаралық стандарттарға сай келмеді деп мәлімдеді. Беларусте жексенбі күнгі сайлауда оппозициялық партиялар парламенттегі бірде-бір орынға қол жеткізе алмады.
Елдің Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, парламенттегі 110 орынның бәрі президент Александр Лукашенконы қолдайтын саясаткерлерге бұйырған. “Еуропаның соңғы диктаторы” деп айыпталған Лукашенко сайлау қарсаңында саяси тұтқындарды босатып, 70 оппозициялық кандидаттың сайлауға түсуіне рұқсат берді. Оппозиция сайлау бұрмаланды деп отыр.