Кеше Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. БҰҰ Бас ассамблеясының 63-сессиясына қатысқан М.Тәжин Пан Ги Мунді келесі жылдың қыркүйегінде Қазақстанда өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезіне қатысуға шақырды. Сонымен қатар мұсылман әлемі мен батыс елдерінің сыртқы істер министрлерінің қазан айында өтетін халықаралық форумы туралы да әңгімеледі.
Өз тарапынан азық-түлік дағдарысын шешудегі Қазақстанның рөлін атап көрсеткен БҰҰ-ның Бас хатшысы ел экономикасының дамуына жоғары баға берген.