Accessibility links

Прокуратура 300-ден астам жасырылған қылмысты анықтады


Былтыр прокурорлар есепке алынбаған 304 қылмысты анықтады деп хабарланды Қазақстан Бас прокуратурасының ресми сайтында. Басым көпшілігін Ішкі істер органдарының бөлімшелері жасырып келген қылмыстардың қатарында мүліктік қылмыстар, бұзақылық, денсаулыққа орта және ауыр деңгейдегі зиян келтіру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғалары бар.

Бас прокуратура бұл оқиғаларда «көбінесе құқық қорғау органдары өз ішкі мүдделерін қорғау мақсатымен, ұрланған мүлікті іздеуін жалғастыратындарына сендіріп, азаматтарды қарсы өтініш жазуға үгіттейтінін» айтып отыр.


XS
SM
MD
LG