Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы алдағы 3 жылда 4 есе ұлғайып, 3 млрд. долларды құрайды. Иранның мұнай-газ өнеркәсібі көрмесінің ашылу салтанатында Иранның төтенше және өкілетті елшісі Ромин Мехмонпараст осылай деп мәлімдеді.
Елші атап көрсеткендей, Қазақстанмен және Каспий жағалауындағы басқа елдермен бірге теңіздегі ортақ кеме қатынасы сынды жобаны іске асыру керек.
Мехмонпарастың мәлімдеуінше, 2 елдің азаматтарына виза беруді жеңілдету және екі жаққа да тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін таяуда Иран Ақтауда Бас консулдігін ашады және Ақтау мен Иран қалаларының арасында тұрақты теңіз, әуе байланысын ашу жоспарланған.
Ақтау портын Иранның маңызды 3 портымен бауырластыру туралы құжатқа қол қойылды.