Accessibility links

Құтқару жоспары Сенатта дауысқа салынады


АҚШ Сенаты қаржылық көмек жоспарын дауысқа салуды бүгінге белгіледі. Құны 700 миллиард доллар тұратын қаржы саласын дағдарыстан құтқару жоспарын Өкілдер палатасы дүйсенбіде қабылдамай қойған болатын. Дауыс беруге қатысу үшін президенттікке үміткер сенаторлар Барак Обама да, Джон Маккейн де Вашингтонға оралды. Бұл жоспар қабылданбаса, америкалық қарапайым азаматтар қатты зардап шегеді деген еді Буш. Президенттің осы ескертпесін қос үміткер Сенатта қайталады.
XS
SM
MD
LG