Accessibility links

Екі ел Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты ортақ мәмілеге келді


Алты жылға созылған келіссөздер нәтижесінде, Қазақстан мен Австралия кен өндіру мен ауыл шаруашылығы салалары бойынша өз мүдделерін қорғап, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттары бойынша ортақ мәмілеге қол жеткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін". Толық нәтиже бір айдан кейін, Женевада өтетін хаттамаға қол қою рәсімінен кейін белгілі болады. Экспорттың негізгі көздері жағынан ұқсастығы көп Австралия мен Қазақстан әлемдік нарықта бәсекелес болғандықтан, келіссөздер бойынша ортақ мәмілеге жету өте қиынға түсті.
Енді Қазақстан Еуроодақ, АҚШ, Үндістан, Монғолия және Сауд Арабиясымен келісуі қажет.

XS
SM
MD
LG