Accessibility links

НАТО байланыс офицерінің Қазақстанда болуы келісілді


Бүгін Парламент Сенатының депутаттары «ҚР Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы НАТО байланыс офицерінің Қазақстан Республикасында болуы және қызмет ету шарттары туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылдады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Келісім бойынша, НАТО офицері «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы аясында Қазақстанның мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын жүзеге асырады. Сонымен қатар қорғаныс құрылысы мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі жоспарларды жүзеге асыруға көмектесіп, кеңес береді. Бұл келісімге 2007 жылы Астанада және Брюссельде қол қойылған. Парламент қабылдаған бұл заң президенттің қол қоюына жіберіледі.

XS
SM
MD
LG