Accessibility links

Ертең Сенат сайлауы


Бүгін сенат депутаттығына үміткерлердің сайлау алды үгіт-насихат жұмыстар жүргізілмейді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бейсенбі күні Астанада өткізген брифингте күнтізбелік жоспарға сәйкес, барлық үгіт-насихат жұмыстарының 2-ші қазан күні түнгі сағат 24.00 аяқталатындығын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, ол «3 інші және сайлау өтеді деп белгіленген 4-інші қазан күні кез-келген үгіт насихатқа рұқсат етілмейді» - деді. Орталық сайлау комиссиясының таратқан мәліметіне қарағанда, дәл қазіргі уақытта Қазақстан бойынша сенат депутаттығына 37 үміткер тіркелген.
XS
SM
MD
LG