Accessibility links

Кондолиза Райс Қазақстанға келеді


Осы аптада Қазақстанға АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс келмек. Бұл туралы кеше АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Шон Маккормак хабарлады. «Ол Америка мен Қазақстанның қауіпсіздік пен энергетика саласындағы стартегиялық серіктестігі, Қазақстанның аймақтағы көшбасшы ретіндегі орны және оны бұдан былайғы саяси-экономикалық реформалардың жүзеге асуы үшін күшейту мәселелерін талқыламақ», — деді Маккормак. Оның айтуынша, Кондолиза Райс Қазақстанға сапарында ел президенті Н.Назарбаевпен кездесіп, ҚР премьер-министрімен және Сыртқы істер министрімен келіссөздер өткізеді. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстан сапары бесінші қазанда аяқталады.
XS
SM
MD
LG