Бұл туралы алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Асқар Сманқұлов мәлімдеді, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін». «Біз қарыздары төленбеген барлық пәтер иелері кооперативі мен тұрғындарға қарыздар қайтарылмайынша, коммуналдық қызмет түрлерін пайдалана алмайтындықтарын қатаң ескертеміз», депті ол.