Accessibility links

Таяуда Кәрім Мәсімов Ауғанстанға барады


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Кабулға сапары жоспарланып отыр. Вашингтондағы Карнеги қорында “Ғаламдық әлемдегі Қазақстан” тақырыбы бойынша жасаған баяндамасында Қазақстаның сыртқы істер министрі Марат Тажин осылай деп мәлімдеді.

Оның хабарлауынша, Қазақстан үкіметі Ауғанстанға 3 млн. доллар көмек бөлу мүмкіндігі қарастырылған арнайы Жоспар қабылдады. Жоспарда Ауғанстандағы 2007-2008 жылдарда атқарылатын іс-әрекет қарастырылған.

Қазір, - мәлімдеді М.Тажин, - Ауғанстанға қомақты көмек көрсетудің 2009-2011 жылдарға арналған жоспары әзірлену үстінде.
XS
SM
MD
LG