Accessibility links

АҚШ-тың вице-президетіне үміткерлер сайысты


АҚШ-тың вице-президентіне Демократиялық және Республикалық партиялардың үміткерлері Джозеф Байден мен Сара Пэйлинің сайлауалды пікірсайысы болып өтті. 1.5 сағатқа созылған сайыста қарсыластар АҚШ экономикасындағы дағдарыс пен сыртқы саясатты талқылады.

Барак Обамамен жұптасып дауысқа түсетін сенатор Байден республикалықтардың президентке үміткері Джон Маккэйнді АҚШ экономикасының проблемаларын түсінбейді деп айыптаса, Аляска штатының әкімі Пэйлин сенатор Обаманың Ирақтан АҚШ әскерін шығару жоспарын сынға алды.

Бұл 4 қарашағы президент сайлауы алдындағы вице-президентке үміткерлердің жалғыз пікірсайысы болды.
XS
SM
MD
LG