Accessibility links

АҚШ Конгресі қаржылай көмекті қолдайтын сияқты


АҚШ Конгресіндегі Өкілдер палатасының төрайымы Нэнс Пелоуси Американың қаржы саласын дағдарыстан құтқару үшін 700 млрд. доллар бөлу туралы жоспарды палатаның мақұлдайтынына сенетінін мәлімдеді. Өкілдер палатасы өзгертілген жоспарды бүгін-ақ дауысқа салуға тиіс. Жоспардың бастапқы нұсқасын Өкілдер палатасы мақұлдамай, өзгертілген үлгісін Сенат сәрсенбі күні мақұлдады.
Дүниежүзілік банк жүйесінің шайқалуы салдарынан бейсенбі күні Америка мен Еуропаның және Азияның жетекші қор биржаларындағы бағалардың құлдырауы жалғасты.
XS
SM
MD
LG