Бүгін АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасында қаржы дағдарысынан сақтанудың шұғыл шаралары жоспарының өзгертілген үлгісі бойынша пікірталас өтуге тиіс. Хабарға қарағанда, өзгертілген жоспар қайта дауысқа салынуы да мүмкін.
Өткен дүйсенбіде Өкілдері палатасы жоспарды мақұлдамай, сәрсенбі күні Сенат оның түзетілген мәтінін мақұлдады. Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелоузи Американың қаржы саласын дағдарыстан құтқаруға 700 млрд. доллар бөлу туралы жоспарды палатаның мақұлдайтынына сенетінін мәлімдеді. Өкілдер палатасының мәжілісін күткен Америка мен Еуропаның және Азияның жетекші қор биржаларындағы бағалардың құлдырауы жалғасты.