Accessibility links

Ирақта тағы бір Әл-Қаида мүшесінің көзі жойылды


АҚШ армиясы Бағдадтағы ең ірі қастандықтардың кейбірін ұйымдастырған және 2006 жылы Ресей дипломаттарын өлтіруге қатысы бар деген Әл-Қаида мүшесінің көзін жойғанын хабарлады. Ол - Әбу Ассад немесе Әбу Рами деген лақап есімдерімен де белгілі Махир Ахмад Махмуд әз-Зубайди деген содыр көрінеді.
Әбу Рами жұма күні Бағдадта болған атыс кезінде аты-жөні белгісіз бір әйелмен бірге оққа ұшқан.
Жорамал бойынша, Әбу Ассадтың Ирақ астанасындағы бірқатар қастандыққа қатысы бар, оның ішінде 2006 жылдың қарашасында 200-ден астам адам құрбан болған бомба жарылысын ұйымдастырды.
Сондай-ақ ол 2006 жылы ұрланған 4 Ресей дипломатының бірінің атып өлтірілген сәті түсірілген бейнесюжетте де көзге түскен көрінеді.
XS
SM
MD
LG