Қазақстанға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондализа Райсты қабылдаған Қазақстан президенті кездесу барысында халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, негізгі әңгіменің арқауы болған Ауғанстанның ахуалын оңтайландыру, Ирактағы жағдайды тұрақтандыру, Кавказдағы шиеленісті реттеу жайы. Орта Азияның даму болашағы келіссөздің маңызды тақырыбы болды. Кездесуде Қазақстан мен Америка қарым-қатынасы дамуының көпқырлылығы мен жоғары деңгейі атап өтілді. ҚР президенті Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне көрсеткен қолдауы үшін АҚШ-қа ризашылығын білдірді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды кеңейту туралы уағдаласқаннан кейін Кондализа Райс Астанадан Вашингтонға ұшып кетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес