Грузия атыстарды тоқтату келісімін бұзғысы келеді. Ресей Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде осылай делінген. Қазанның 3-і күні Оңтүстік Осетияда орын алған көліктегі бомбалық жарылыстан ресейлік 7 солдат қаза болған еді. Грузия тарапы болса, Ресейдің айыптауын “негізсіз” деп кері қақты.