Сенатқа сайланған барлық 16 депутат «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Бұл туралы ҚР орталық сайлау комиссиясы (ОСК) хабарлады. «Орталық сайлау комиссиясы: «4-қазандағы сенат депутаттарының сайлауы өткізілді деп танылсын» деген қаулы қабылдады», — деп мәлімдеді ОСК-ның хатшысы Бақыт Мелдешев. ОСК-ның төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың хабарлауынша, сайлау нәтижесі барлық аймақта бірінші турда-ақ анықталған. Сайланған депутаттар 9-қазанда сенатта тіркеледі. Сол уақытқа қазір жұмыс істеп жатқан депутаттардың мерзімі аяқталады – деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV