Алматының екі ықшамауданында түнгі уақытта апта бойы жарық болмайды, — деп хабарлады «Алматы Пауэр Консолидэйтед» Акционерлік Қоғамының баспасөз қызметінен. АПК-ның № 59 «Сайран» қосалқы станциясындағы жоспарланған қалпына келтіру мен жөндеу жұмыстарына байланысты қазанның 7-15 аралығында жарық өшіріледі, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Атап айтқанда, жарықсыз қалу қаупі төніп тұрған аймақтар — «Тастақ-1» мен Райымбек пен Абай даңғылына дейінгі, шығысында Өтеген батыр көшесінен Алматы және Сайран көліне дейінгі аралықты алып жатқан «Сайран» ықшамаудандары. Аталған ықшамаудандарда жарық түнгі сағат 00.00-ден 05.30-ға дейінгі уақытта өшіріледі.