Accessibility links

Діни бірлестік басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды


Алматы қаласында орналасқан «Церковь саентология» діни бірлестігі басшыларына заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандары үшін деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитеті қалалық департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу мәліметінше, аталған діни ұйым мүшелері ешбір лицензиясыз білім беру және медициналық қызмет көрсету істерімен айналысыпты, бірақ бұл үшін мемлекетке ешқандай салық төлемеген. ҚР Қылмыстық кодексінің 190- бабымен қарастырылған бұл қылмыс дәлелденген жағдайда күдіктілер 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


XS
SM
MD
LG