Accessibility links

Алматыда жабық есік жағдайында кездесу өтіп жатыр


Алматыда трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мәселесі бойынша Қазақстан-Қытай бірлескен су комиссиясының кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы қазанның 9-күні Азаттық радиосына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімов хабарлады. Дүйсенбі күні басталған келіссөздер бір аптаға созылады. Кездесулер жабық есік жағдайында өтіп жатыр. «Екі жақ бұл мәселеге Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қатыстырмауға келіскен болатын»,- деді Әмірхан Кеншімов. Қазақстандағы Ертіс және Іле өзендерінің бастауы – Қытайда.

XS
SM
MD
LG