Ресей президенті Дмитрий Медведев ТМД саммиті қарсаңында Қырғызстанға барды. Бүгін ол Бішкекте президент Құрманбек Бәкиевпен келіссөз өткізеді. Жұма күні Тәуелсіз мемлекеттер достастығы басшылары Қырғызстан астанасында бас қосады. ТМД-ға бұрынғы 11 Совет республикасы мүше болып табылады. Тамыз айында Ресеймен арада болған қақтығыстан кейін Грузия ТМД-дан шыққан еді. Бұл жолғы саммитте экономикалық ынтымақтастық мәселесі талқыланбақшы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV