Accessibility links

АҚШ Ауғанстандағы шабуылға қатысты өзгеше мәлімет берді


АҚШ әскерилері Ауғанстанның батысында болған әуе шабуылынан 33 қарапайым тұрғын қаза тапты деп хабарлады. Тамыздың 22-і күні Херат өлкесінің Азизабад ауылында АҚШ күштері әуеден соққы берген болатын. Бұл шабуыл Талибан бүлікшілеріне қарсы бағытталған еді. Алғашқыда АҚШ әскерилері ол шабуылдан 5-7 қарапайым азамат мерт болды деп мәлімдеген. Алайда Ауған үкіметі мен БҰҰ-ның айтуынша, әлгі оқиғада 90-нан астам қарапайым тұрғын өлген.
XS
SM
MD
LG