Accessibility links

Еуропарламент Минскіге қатысты шектеулерді жеңілдетуді ұсынды


Еуропа парламенті ЕуроОдақ үкіметтерін Беларусь басшыларына енгізілген виза шектеулерін жеңілдетуді қарастыруға шақырды. Бұл елдегі демократиялық өзгерістерді алға тарту үшін маңызды деп атап көрсетті еуропалық заңшығарушылар. Осыдан екі жыл бұрын оппозициялық топтардың қудалануына байланысты наразылық ретінде Еуропа Одағы Беларусь президенті Александр Лукашенко мен тағы басқа 34 шенеунікке виза беруге тыйым салған болатын.
XS
SM
MD
LG