Accessibility links

Алматы жүргізушілерінің «қара тізімі» жасалады


Алматы қаласындағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің транспорттық компаниялардан жұмыстан шығарылу себептерінің мәліметтері жинақталған база жасалады. Осының негізінде мас күйінде көлікке отырған, жолда жүру ережесін бұзған, жолаушыларға дұрыс қызмет көрсетпеген себепті жұмыстан шығарылған жүргізушілердің «қара тізімі» шығарылады. «Ол тізімге ілінген қоғамдық көлік жүргізушілері басқа транспорттық компанияларға жұмысқа орналаса алмайды. Өйткені ол мәліметтер барлық көлік компанияларына таратылады», — деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Сергей Куянов.

XS
SM
MD
LG