Accessibility links

Мәскеуден «Қазақ тілі» оқулығы шықты


Мәскеудегі Ресей ғылым академиясының «Шығыс әдебиеті» баспасынан «Қазақ тілі» оқулығы шығарылды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқулық Ресей ғылым академиясы Тілтану институтының бас ғылыми қызметкері, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Кеңесбай Мұсаевтың орыс тілді оқушыларға қазақ тілін үйретудегі тәжірибесі негізінде құрастырылған.
Мәскеуде алғаш рет құрастырылған оқулық «Қазақ тілі» мен «Фонетикалық курстан» тұратын оқу-әдістемелік топтама ретінде жасалған

XS
SM
MD
LG