Accessibility links

Зымыран тасығыш ұшырылым кешеніне орнатылды


«Союз-ФГ» зымыран тасығышы «Союз ТМА-13»пилотты кемесімен қоса Байқоңырдағы ұшырылым кешеніне орнатылды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін». Ұшуларды басқару орталығы халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 18-ші экспедиция экипажының «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесін басқаруға дайын екендігін растады. Ғарышкерлер экипажын ұшыру 12 қазан күні Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.

XS
SM
MD
LG