Accessibility links

Бішкекке Украина, Әзірбайжан, Грузия басшылары келмеді


ТМД елдерінің президенттері “Бішкек саммитінің” барысында Достастықтың 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын мақұлдамады. Президенттердің пікірінше, Стратегия осы жылдың қарашасына қарай толық пысықталып, ТМД елдерінің үкімет басшылары Кеңесінің Кишинев қаласында өтетін мәжілісінде қаралуға тиіс.
Ал Бішкекте грузин-абхаз жанжалы аумағындағы ұжымдық бітім күштерінің іс-қимылын тоқтату туралы мәселе қаралады.
Мемлекет басшылары, сондай-ақ, өздерінің келесі басқосуын қашан және қай елде өткізу, келесі кезеңде Достастыққа кімнің төраға болуы мәселесін анықтайды.
“Бішкек саммитіне” маңызды ішкі саяси шаралардың болуына байланысты Әзірбайжан мен Украина президенттері келмеді. Басқосу Грузия президентінің қатысуынсыз өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG