Accessibility links

Ресей президенті тұңғыш сапарымен Каракасқа барады


Венесуэла президенті Уго Чавес хабарлағандай, Ресей президенті Дмитрий Медведев осы жылдың соңына қарай ресми сапармен Венесуэлаға келеді. Бұл сапар Ресей мен Венесуэланың өзара жақындасқанын тағы да растауға тиіс. Чавестің өзі Мәскеуге екі рет барып қайтты. Таяуда оқу-жаттығу миссиясымен Ресейдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары Венесуэлада болды, оның ізінше Каракасқа Ресейдің соғыс кемелері барады.
XS
SM
MD
LG