Accessibility links

Ресей әскері Грузия жерінен шығарылды


Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша жетекшісі Хавьер Солана Ресей әскерінің Грузиямен тамыз айындағы қақтығысынан кейін орналасқан грузин жеріндегі шебінен кейін шегінгенін растады. Солана бүгін мәлімдегендей, Еуропалық Одақтың бақылаушылары Абхазия мен Оңтүстік Осетияға жақын аумақтан орыс әскерінің кеткенін растады.

Ресей мен Грузияның бітімге келуіне Еуропа Одағының атынан мәмлегер болып қатысқан Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнер орыс әскерінің шегінгеніне көз жеткізу үшін Грузияда жүр. Алдағы аптада Еуропа Одағына мүше 27 елдің сыртқы істер министрлері Стратегиялық әріптестік туралы жаңа келісім бойынша Ресеймен арадағы келіссөзді жалғастыру, не жалғастырмау мәселесін талқылайды.
XS
SM
MD
LG